Қарағанды облысы
«Қарағанды қаласы тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысын ұйымдастыру» жобасы аясында Қазыбек би атындағы ауданның пробация қызметінде есепте тұрған адаммен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шараның спикері — Дмитрий Сергеевич Полтаренко, Қарағанды облысы Медиация кеңесінің төрағасы, «Контртеррористік комитет» РҚБ-ның Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы, Қарағанды облысы МРО басшылары клубының модераторы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.
Кездесу барысында «Радикалданудың алдын алу және Қазақстан Республикасының зайырлылық қағидаттары» тақырыбы талқыланды.