«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар арасындағы республикалық конкурс
«Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі республикалық конкурс басталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар арасындағы республикалық конкурсты өткізеді.
Конкурс үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізіліп, «Заң және тәртіп» қағидатын күнделікті мінез-құлық нормасы ретінде орнықтыруға, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған үздік қоғамдық бастамаларды анықтау және қолдауды көздейді.
Конкурстың негізгі міндеттері:
халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру;
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына құрметпен қарауды қалыптастыру;
заңға бағыну мәдениетін дамыту;
қоғамдық тәртіптің жай-күйіне азаматтық жауапкершілікті арттыру;
қоғамдық бақылау мен азаматтардың қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуын ынталандыру;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау;
заңдылық пен құқықтық тәртіп саласындағы табысты қоғамдық тәжірибелерді тарату.
Конкурс номинациялары:
«Заң және тәртіп үшін үздік ҮЕҰ» – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар ең тиімді жобаларды іске асырған ҮЕҰ үшін.
«Азаматтардың құқықтық сауаттылығы» – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған консультациялар, білім беру бағдарламалары, дәрістер, тренингтер және ақпараттық науқандар.
«Қоғамдық бақылау» – қоғамдық мониторинг, мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау, азаматтардың құқықтарын сақтау және ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету саласындағы бастамалар.
«Қауіпсіз қоғамдастық» – тұрғын алаптарда, ауылдық елді мекендерде, білім беру ортасында және қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жобалар.
«Цифрлық заңдылық» – цифрлық және құқықтық қауіпсіздік, интернет-алаяқтыққа, кибербуллингке және дәйексіз ақпараттың таралуына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ цифрлық сауаттылықты арттыру саласындағы жобалар.
«Жылдың құқық қорғау бастамасы» – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңызды азаматтық және ҮЕҰ бастамалары.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1. Өңірлік кезең
ҮЕҰ конкурстық өтінімдерін тиісті өңірлік азаматтық альянсқа жолдайды. Өңірлік конкурстық комиссия ұсынылған өтінімдерді қарап, республикалық кезеңге қатысушыларды іріктейді.
2. Республикалық кезең
Өңірлік іріктеуден өткен өтінімдер республикалық конкурс кезеңіне қатысады. Бұл кезеңде жобаларды Республикалық конкурстық комиссия бағалап, жеңімпаздар анықталады.
Финалистер өз жобаларын және олардың нәтижелерін Республикалық конкурстық комиссия алдында таныстырады.
Үкіметтік емес ұйымдарды конкурсқа қатысуға және заңдылықты, құқықтық мәдениетті, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған үздік тәжірибелерін ұсынуға шақырамыз.
Конкурсқа қатысудың толық шарттары, конкурстық өтінім нысаны және құжаттарды тапсыру мерзімдері Конкурс туралы ережеде айқындалады.
Конкурс Ережесі: https://drive.google.com/drive/folders/1PsjKgRX0uzaFiESx9lrOG5ULQ4_3ACl8?usp=sharing
Қосымша ақпарат бойынша: +7 708 290 2878