Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Ұлылар мекеніне сапар»

Қыр. 9, 2026 | Қаралымдар: 68

Қауымдастық түріндегі «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің «Тарих пен мәдениет саласында волонтерлікті дамыту» жобасы аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Abai Route: Бірлік пен мұра жолы» мәдени-ағартушылық бастамасы жүзеге асырылды.

Бастама аясында жастар үшін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне тағылымды экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия бағыты:

  • Күшікбай асуы;
  • Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтің музей-үйі;
  • Сырт Қасқабұлақ — Абай Құнанбайұлының кіндік қаны тамған жер;
  • Жидебай қорығындағы Абайдың музей-үйі.

Сапар барысында қатысушылар Абайдың туған өлкесімен, өмір жолымен және шығармашылық мұрасымен жақынырақ танысты. Бөріліде Мұхтар Әуезовтің Абай мұрасын зерттеуге қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды. Ал Сырт Қасқабұлақ пен Жидебайға бару арқылы ұлы ақынның өмір сүрген ортасын сезініп, оның рухани әлеміне тереңірек үңілді.

Экскурсия жастардың ұлттық тарих пен мәдениетке қызығушылығын арттырып, тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

Абай мұрасы — әр ұрпақты білімге, еңбекке және адамгершілікке үндейтін мәңгілік рухани қазына!