Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Экологиялық қауіпсіздік — ШҚО Қоғамдық кеңесінің назарында

Қыр. 10, 2026 | Қаралымдар: 1617

ШҚО Қоғамдық кеңесінің Экология комитетінің отырысы өтті.

Отырыста медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі экологиялық және санитариялық қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылды. Экология департаментінің, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері медициналық қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау және кәдеге жарату тәртібін, сондай-ақ белгіленген талаптардың сақталуын талқылады.

Сонымен қатар, қатысушылар өңірдің климаттың өзгеруіне бейімделуі, сондай-ақ ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану, сақтау және кәдеге жарату мәселелеріне назар аударды.

Қоғамдық кеңестер өңір үшін маңызды мәселелерді талқылауға және жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатысуды жалғастыруда.