Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қаржы жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
Отырыс барысында мемлекеттік қаржы саласындағы негізгі мәселелер, оның ішінде 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы, мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау нәтижелері және жаңа Салық кодексін іске асыру барысы қаралды.
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы республикалық бюджет жобасының негізгі бағыттарын таныстырды. Қоғамдық кеңес мүшелері бюджет саясатының басым бағыттарын талқылап, өз ұсыныстарын білдіріп, жекелеген мәселелер бойынша сұрақтар қойды.
Мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалауға да ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, рәсімдерді цифрландыру және оңайлату, оларды өткізу мерзімдерін қысқарту, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды.
Сонымен қатар жаңа Салық кодексін іске асыру барысы таныстырылды. Өзгерістер салықтық есептілікті қысқартуға, салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және азаматтар мен бизнес үшін түсінікті әрі ашық жағдайлар қалыптастыруға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша бюджет және салық саясатын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін азаматтар мен бизнестің мүдделерін ескере отырып одан әрі жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.