Маңғыстау облысы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес мүшелері Kazakh Osseter кәсіпорнының жұмысымен танысты

Қыр. 16, 2026 | Қаралымдар: 187

Маңғыстау облысының Қоғамдық кеңес мүшелері көшпелі отырыс аясында «Kazakh Osseter ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС-не барып, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысты. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығы хабарлады.

Кездесу барысында кәсіпорынның негізін қалаушы Айбек Әділбекұлы өндірістің қазіргі жұмысы, жүзеге асырылып жатқан жобалар, кәсіпорын қызметін қайта жандандыру бағыттары және алдағы кезеңге арналған даму жоспарлары туралы толық ақпарат берді.

Көшпелі отырыс барысында кәсіпорынның өндірістік әлеуеті, балық шаруашылығын дамыту, отандық өнім көлемін арттыру, жаңа жұмыс орындарын құру және саланың тұрақты дамуына үлес қосу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері кәсіпорын басшылығына өндірістің қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар сұрақ қойып, саланың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Отырысқа қатысушылардың айтуынша, мұндай көшпелі кездесулер өндірістік нысандардың жұмысымен тікелей танысуға, нақты жағдайды өз көздерімен көруге және кәсіпкерлермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл өзекті мәселелерді жан-жақты зерделеуге және оларды шешу жолдарын қарастыруға ықпал етеді.