Қазақстанның Азаматтық Альянсы
«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде стратегиялық әріптестікті іске асыру қорытындысы шығарылған «ҰСТАНЫМ» пікірсайыс клубының қорытынды отырысы өтті

«АДАЛ АЗАМАТ – БЕЛСЕНДІ ҚОҒАМ» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде стратегиялық әріптестікті іске асыру қорытындысы шығарылған «ҰСТАНЫМ» пікірсайыс клубының қорытынды отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР МАМ жанындағы АҚІК төрағасы Г.Б. Сұлтанова қатысып, елдегі азаматтық белсенділік пен демократиялық процестерді нығайту үшін осы бастамалардың маңыздылығын атап өтті.
Қорытынды отырыста әртүрлі мүдделі тараптар арасында тиімді ынтымақтастық орнатып, азаматтық қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар талқылаулар ұйымдастыра алған орталық жұмысының қорытындысы шығарылды.
Осылайша, «ҰСТАНЫМ» пікірсайыс клубының қорытынды отырысы жобаны төрт ай ішінде табысты іске асырудың қорытындысын шығарып қана қоймай, болашақта Қазақстанның азаматтық қоғамын дамытудағы негізгі бағыттарды талқылау алаңына айналды.