Астана қаласы
7 ақпандағы Президенттің сөз сөйлеуінің қорытындысы бойынша Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің мәлімдемесі
7 ақпанда Қазақстан Президенті еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Басты мәселелер қатарында реформалар, әлеуметтік саясат және салық жүйесіндегі әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелері атап өтілді.
Қоғамдық кеңес азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған бастамаларды қолдайды. Салық саясатын оңтайландыру, халықтың әл-ауқат деңгейін арттыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қолжетімділігін сақтау — біздің негізгі басымдықтарымыз.
Біз, Астана қаласының Қоғамдық кеңесі, жүргізіліп жатқан реформалардың ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен белсенді өзара іс-қимылды жалғастырамыз.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын қолдай отырып, Қоғамдық кеңес қоғам үшін маңызды өзекті мәселелерді шешу бағытындағы жұмысын одан әрі жалғастырады.