Астана қаласы

Астана қаласының Қоғамдық кеңесі өңірлердегі әйелдердің саяси және экономикалық құқықтарын нығайту бағытындағы жұмысын жалғастыруда!

Ақп. 11, 2025 | Қаралымдар: 50

Кеңес мүшелері «Даланын жаркын әйелі / Bright Woman of the Steppes» тренингіне қатысты.

Тренингке Ұлытау облысынан белсенді әйелдер, оның ішінде әйелдер ҮЕҰ-лары мен жергілікті қауымдастықтардың өкілдері қатысты. Олардың барлығы жеке және кәсіби дамуға, сондай-ақ өз өңірлерінде оң өзгерістерге қол жеткізуге ұмтылады.

Алғашқы екі күн жаңа білімге, пайдалы тәжірибеге және жағымды энергияға толы болды. Қатысушылар жергілікті қауымдастықтарды дамытуға ықпал ететін жобалары мен бастамаларын жүзеге асыру үшін маңызды идеялар мен мотивация алды.

Алынған білім әйелдердің рөлін нығайтуға және өңірлердегі өмір сүру жағдайларын жақсартуға белсенді түрде қолданылатынына сенімдіміз!