Алматы қаласы

2026 жылғы 13 қаңтарда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің Білім беру мәселелері жөніндегі комитетінің отырысы өтті.

Қаң. 14, 2026 | Қаралымдар: 52

Отырыстың негізгі тақырыбы электрондық күнделік платформаларын, атап айтқанда Kundelik және Bilim Class платформаларын пайдалану мәселесін қарау болды. Соңғы уақытта ашық ақпарат көздерінде платформаны ауыстыруға, дербес деректердің ықтимал таралуына және басқа да тәуекелдерге қатысты мәселелер кеңінен талқыланып, қоғамда резонанс тудырды.

Осыған байланысты отырыс қорытындысы бойынша бейінді басқармаға және уәкілетті министрлікке ресми сауал жолдау туралы шешім қабылданды. Сауалдың мақсаты:

  • платформаны ауыстыру туралы шешім қабылдауға негіз болған техникалық тапсырманы нақтылау;
  • Bilim Class платформасын таңдау негіздемесін алу;
  • Kundelik және Bilim Class платформаларының функционалдық, техникалық және ұйымдастырушылық сипаттамалары бойынша салыстырмалы кесте әзірлеу.

Бұл жұмыс Алматы қаласының Білім басқармасы Bilim Class платформасына көшу туралы шешім қабылдауының себептеріне объективті және жан-жақты талдау жүргізу үшін қажет.