Алматы қаласы
Бұған дейін елде «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы құрылып, оның құрамына бес жетекші саяси партия мен 300-ден астам қоғамдық ұйым бірікті.
Осы бастаманың жалғасы ретінде Алматы қаласында қоғамдық-саяси күштердің кең ауқымының өкілдері кірген қалалық жалпыұлттық коалиция құрылды.
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі Алматыда жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі қалалық Жалпыұлттық коалицияның алғашқы отырысына қатысты.
Бұл заң үстемдігін нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға және азаматтардың елді басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.
Біз қаланың барлық аудандарында жүйелі түсіндіру жұмыстарын бастаймыз — әрбір тұрғынның пікірі ескерілуі үшін.