Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Глубокое ауданында қолжетімді орта мәселелері талқыланды
Қазақстанның Азаматтық Альянсы жүзеге асырып жатқан «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Глубокое ауданында мүгедектігі бар адамдар мен басқа да жүріп-тұруы шектеулі адамдар үшін нысандар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне қоғамдық бақылау жөніндегі бастамашыл топтың төрағасы Р. Әділбаева көпбалалы аналармен және ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аналармен кездесті.
Кездесу барысында ауруханалар, мектептер, ХҚКО-лар, дүкендер және басқа да әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі, пандустардың жай-күйі, ғимараттарға кедергісіз кіру және қызметтерді алу мүмкіндігі талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті өмірде кездесетін проблемалық мәселелерді көтерді. Әрбір ұсыныс пен пікір назарға алынды.