Алматы қаласы
2023 жылдан бастап қаланың спорт мектептеріне, клубтары мен нысандарына көшпелі мониторинг жүргізе бастадым. Өкінішке қарай, әр жолы жағдай қайталанады: мәлімделген контингент нақты көрсеткіштерге сәйкес келмейді.
Топтарда спортшылардың бір мезетте тегін де, ақылы да негізде, соның ішінде жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында жаттығатыны жиі кездеседі. Бұл бір нәрсені көрсетеді — келушілердің қатысуын ашық әрі цифрлық есепке алу жүйесі болмаса, тәртіп орнату мүмкін емес.
Жыл басынан бері Спорт басқармасымен бірлесіп ауқымды жұмыс жүргізілді. Басшылық нақты бақылауға мүдделі болған жағдайда, жүйе де өзгере бастайды.
Келесі аптадан бастап спортшылардың сабаққа қатысуын цифрлық есепке алуды енгізу қарсаңында Алматы қаласы Спорт басқармасына қарасты ұйымдарға мониторинг жүргізуді қайта бастаймыз.
Жұмыс жалғасуда.