Алматы қаласы
Бүгін Алматы қаласының Білім басқармасы жекеменшік мектептер мен бейінді қауымдастықтардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында маңызды мәселе – ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін қаржыландырылмаған білім алушыларға қатысты қаржыландыру мәселесі талқыланды.
Кездесу барысында конкурс жариялау кезінде есептеулерде қателік жіберілгені белгілі болды. Осыған байланысты қолданыстағы конкурсты жедел түрде жойып, дұрыс деректерді ескере отырып, жаңа конкурс жариялау туралы шешім қабылданды.
Бұл бағыттағы жұмыс жағдай толық реттелгенге дейін жалғастырылатын болады.