Алматы қаласы
Алматы – Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде ең көп талқыланатын қалалардың бірі. Осыған байланысты Қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Негізгі бастамалардың қатарында мектеп оқушылары арасында киберқауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және полиция мен қоғам өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтер өткізу бар.
Қоғамдық кеңес мүшелері Полиция департаментінің басшылығымен өткен кездесуде пікір алмасып, мегаполисте жақында орын алған резонансты оқиғаларға полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етіп, сапалы шешімдер қабылдағанын атап өтті.
«Алматы шын мәнінде қауіпсіздік саласында жаңа, неғұрлым тиімді тәсілдерді іздестіру жүзеге асырылатын белсенді алаңға айналды. Бүгінгі Қоғамдық кеңес мүшелерінің бұл жұмысқа тартылуы және нақты өзгерістерге басымдық берілуі — соның айқын дәлелі», — деп атап өтті Қоғамдық кеңес мүшесі Рафаэль Гасанов.