Алматы қаласы

8 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 3-комиссиясы «Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымы және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» КММ-мен есеп беру отырысын өткізді.

Сәуір 8, 2026 | Қаралымдар: 49

Басқарма басшысы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

Сонымен қатар ол жаңа модель туралы айтып өтті. Оған сәйкес, белгілі бір учаскеде бір мердігер бірден бірнеше жұмыс түрін орындайды. Бұл мердігердің атқарылатын жұмыстардың көлемі мен сапасына жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сәуір айынан бастап Алматы қаласының коммуналдық қызметтері үш ауысымды жұмыс режиміне көшті. Бұл көшелерді тазалау жұмыстарын үздіксіз жүргізуге және қызметтердің жұмысындағы іркілістерді азайтуға мүмкіндік береді.

Комиссия мүшелері мен сарапшылары бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізді. Басқарма бұл ұсыныстарды бақылауға алып, оларды Қоғамдық кеңеспен бірлесіп әрі қарай талқылауға келісті.