Алматы қаласы
Алматы қаласында «Заң және тәртіп: қоғамның сенімі мен дамуының негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 Қоғамдық қауіпсіздік комитетінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп өткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық сенімді нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылады.
Іс-шараның модераторы — «Парасатты Ұрпақ үшін» ҚҚ президенті, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Маутенұлы Калимолдин алғы сөз сөйледі.
Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам қайраткерлері баяндама жасап, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамытуға қатысты өз тәжірибелері мен көзқарастарымен бөлісті.
Дөңгелек үстел ашық диалог, пікір алмасу және бірлескен шешімдер әзірлеу үшін тиімді алаңға айналды.