Алматы қаласы

Бүгін Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 3-комиссиясы «Алматы Су» ШЖҚ МКК-мен есеп беру отырысын өткізді.

Мамыр 5, 2026 | Қаралымдар: 44

«Алматы Су» басшысы мен өкілдері 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі есеп берді.

Есеп барысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық параметрлері, қызмет көрсету бойынша инвестициялық бағдарламаның орындалуы, қызметтер тарифтері, өндірістік нысандарды автоматтандыру, диспетчерлік қызметті жаңғырту және қызметтерді цифрландыру мәселелері қамтылды.

Кадр тапшылығы мен кадрлардың тұрақтамауы, су ресурстарын ұтымды пайдалану, сондай-ақ оларды халықтың, мемлекеттік және жеке ұйымдардың тиімді тұтынуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Комиссия мүшелері мен сарапшылары бірқатар сындарлы ұсыныстар енгізді. «Алматы Су» бұл ұсыныстарды бақылауға алып, оларды Қоғамдық кеңеспен одан әрі талқылайтын болды.