Алматы қаласы

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасы аясында Қоғамдық кеңес жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің алғашқы ұйымдастыру отырысы өтті.

Мамыр 12, 2026 | Қаралымдар: 48

Отырыста бірқатар маңызды мәселелер қаралып, өз ұсыныстарымды жеткіздім.

Расында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін қоғамдық бақылау тетіктерін тиімді пайдалану маңызды. Алайда дәл осы бағытта бірқатар мәселелер бар:

  1. Жалпы азаматтардың барлығы «Қоғамдық бақылауға» Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, әрекет қабілеттілігі бар және діни, экстремистік топтарға қатысы жоқ кез келген азаматының құқылы екенін біле бермейді.
  2. Қоғамдық бақылауда маңызды рөл атқаратын E-Otinish секілді платформаларға мемлекеттік органдардың көзқарасы да маңызды. Яғни келіп түскен сауалдарға формалды түрде жауап беретін басқармалардың бар екені рас. Сондықтан мемлекеттік мекеме өкілдері қоғаммен өзара байланыс орнату бағытындағы жұмысын жетілдіруі қажет.

Яғни түсіндіру жұмыстары екі бағытта жүргізілуі тиіс деп ойлаймын. Алда атқаратын жұмыс өте көп. Ең бастысы — қоғам болып жұмылу қажет.