Алматы қаласы

Пациенттер медициналық қызметтерді жайлы жағдайда ала алмай отыр, ал дәрігерлер жаңа жабдықта жұмыс істей алмай отыр.

Маусым 12, 2026 | Қаралымдар: 47

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясы №4 қалалық клиникалық ауруханада мониторинг жүргізді. Әдетте құрылыс және реконструкция нысандарына мониторинг жүргізу барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуына және жұмыстардың сапасына ерекше назар аударылады.

Аталған нысанда мердігер ұйым жұмыстарды мерзімінен бұрын аяқтап, нысанды жаңа жылға дейін пайдалануға тапсырған. Алайда бүгінгі таңда аурухананың реконструкцияланған бөлігі мен жаңа жабдықтар пайдаланылмай отыр. Бұған созылып кеткен бюрократиялық рәсімдер себеп болып отыр.

Мониторинг қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын ұсынымдар әзірледі.