Алматы қаласы

2026 жылғы 25 маусымда Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің дін, қоғамдық даму, мәдениет, мемлекеттік тіл, спорт және жастар мәселелері жөніндегі №5 комиссиясы сәулет ескерткіштері болып табылатын және тарихи-мәдени құндылығы бар нысандарға қоғамдық мониторинг жүргізудің кезекті кезеңін өткізді.

Маусым 27, 2026 | Қаралымдар: 36

Қоғамдық мониторингтің осы кезеңі аясында үш нысанға зерттеу жүргізілді: Республикалық оқушылар сарайы, Офицерлер үйі және М. Ю. Лермонтов атындағы Ресей мемлекеттік академиялық драма театры.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша Комиссия тиісті ұсынымдар әзірлейді. Аталған ұсынымдар Комиссия отырысында талқыланғаннан кейін қарау және қажетті шараларды қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданады.