Биыл еліміз үшін тарихи маңызы зор оқиғаларға толы жыл болып отыр. Соның ең маңыздысы – жаңа Ата заңымыздың қабылдануы.
Бүгін күшіне енген жаңа Конституция Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған мемлекеттік реформалардың заңды жалғасы. Бұл өзгерістердің оң нәтижесін уақыт көрсететініне сенемін.
Осыған орай қала әкімі Дархан Амангелдіұлының қатысуымен өткен дөңгелек үстелде қаламыздың зиялы қауым өкілдерімен бірге өзекті мәселелерді талқылап, өз пікірімді білдірдім.
Ең бастысы – кез келген реформа қоғамның қолдауымен ғана нәтижелі болады. Сондықтан баршамызды ел болашағы үшін бірлікпен, жауапкершілікпен және ортақ мақсат жолында бірге еңбек етуге шақырамын.