Алматы қаласы
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Рустам Қайырев пен Акажан Кеңесов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жаңа жатақханасының құрылыс барысына мониторинг жүргізді.
Мониторингті Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №5 комиссиясы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары да қатысты.
Мониторинг барысында инвесторлық жобаның таныстырылымы өтті. Жоба аясында коммерциялық үй-жайлары бар, 5000 төсек-орынға арналған заманауи студенттік жатақхана кешенін салу жоспарланған. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында жалпы сыйымдылығы 2000 төсек-орын болатын алғашқы екі блокты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Кешен студенттердің күнделікті қажеттіліктеріне қажетті қызметтердің барлығына жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзіндік коммерциялық инфрақұрылымы бар шағын қалашықты құрайды.
Кешенді қытайлық компания жаңа технология бойынша салуда, бұл құрылысты рекордтық қысқа мерзімде жүргізуге мүмкіндік береді. Нысан желтоқсан айында пайдалануға берілгеннен кейін Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа кешенге қайта мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.