Алматы қаласы
23 шілдеде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №2 комиссиясы №56 мектеп-гимназиясын қайта жаңарту барысына кезекті, үшінші мониторинг жүргізді.
Өкінішке қарай, тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді.
Нысанда құрылыс және әрлеу жұмыстарының әлі де үлкен көлемі аяқталмаған. Нысанның ақпараттық тақтасында (нысан паспорты) жұмыстарды аяқтау мерзімі 2026 жылғы 30 шілде деп көрсетілген. Алайда осы мерзімге дейін мектептің пайдалануға берілмейтіні қазірдің өзінде анық.
Жұмыстардың қазіргі қарқыны мен нысанның нақты жағдайына қарап, мектептің оқу жылының басталуына дейін дайын болуы да үлкен күмән тудырады. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы да алаңдатады.
Жұмыстарды белгіленген кестеге жеткізуге жасалған талпыныстар сапа мен қауіпсіздікке еш әсер етпейді деп үміттенемін. Дегенмен қазіргі кезеңнің өзінде комиссия тарапынан жекелеген элементтер мен әрлеу жұмыстарының сапасына қатысты елеулі ескертулер бар.
Балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы басты басымдық болып қалуы тиіс. Қоғамдық кеңес есептердегі әдемі дата үшін нысанды кемшіліктермен және сапасыз орындалған жұмыстармен «асығыс» пайдалануға беруге үзілді-кесілді қарсы.
№56 мектептің қайта жаңартылу барысын бақылауда ұстаймыз.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
Хадижат Увайсова