Алматы қаласы

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Рустам Қайыриев пен Әкежан Кеңесов Жастар саясаты басқармасымен бірлесіп, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің №1 жатақханасына мониторинг жүргізді.

Шілде 23, 2026 | Қаралымдар: 31

Тексеру барысында тек бөлмелерге ғана емес, душ бөлмелеріне, санитарлық тораптарға, асүйлерге, дәліздерге, спорт залына, кіреберіске, сондай-ақ ғимарат пен оған іргелес аумақтың жағдайына назар аударылды.

Мониторинг қорытындысы бойынша бірқатар кемшілік анықталды. Барлық ескертулер ұсынымдар түрінде рәсімделіп, оларды жою үшін тиісті тараптарға жолданды.

Қоғамдық кеңес жағдайды бақылауда ұстайды: кемшіліктерді жою мерзімдері белгіленді. Осы мерзімдер аяқталғаннан кейін енгізілген өзгерістерді тексеру үшін қайта мониторинг жүргізіледі.