Алматы қаласы

Алматы қаласының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық мониторинг тобы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, жаңа оқу жылы қарсаңында ауқымды мониторинг жүргізуде.

Там. 27, 2026 | Қаралымдар: 41

Қаланың әр ауданында құрылған 8 мобильді топ білім беру ұйымдарының жағдайын құжаттар негізінде ғана зерделеп қоймай, олардың балалар үшін нақты қауіпсіздігін, қолжетімділігін және оқу процесіне дайындығын жан-жақты бағалауда.

Тексеру барысында терроризмге қарсы қауіпсіздік, бейнебақылау камераларының «соқыр аймақтарсыз» жұмыс істеуі, күзет қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмдері, мектеп аумағының жағдайы мен электр қауіпсіздігі, люктердің жабық болуы, ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін пандустар мен тұтқалардың қолжетімділігі, сондай-ақ көмек алу үшін арналған «QR-111» ақпараттық тақтайшаларының дұрыс орналастырылуы қатаң бақылауда.

Анықталған барлық ескертулер тіркеліп, жауапты тұлғаларға оларды жедел жою бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Бұл жұмыс ерекше бақылауда және жүйелі түрде жалғастырылатын болады.