Алматы қаласы

Сегодня состоялось организационное заседание Общественного совета города Алматы с участием председателя маслихата М. Б. Отыншиева.

Қыр. 4, 2026 | Қаралымдар: 69

Кеңес мүшелерінің толық қолдауымен Жакупов Нұржан Бауыржанұлы бірауыздан Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды. Ол Кеңестің екінші шақырылымының мүшесі және бұған дейін кәсіпкерлік, инвестициялар, экология және туризм мәселелері жөніндегі №4 комиссияны басқарған. Әріптестерінің арасында лайықты құрмет пен сенімге ие.

Кеңес мүшелері Құрылтай Республикасының депутаттары болып сайланған Хасенов Махамбет Қабдылқайырұлы мен Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

Кеңес құрамына «QazaqOil» ЖШС атқарушы директоры Абильшаиков Нариман Бақтыбайұлы және Алматы қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Маманов Шыңғысхан Маратович сайланды.

Алда жаңа міндеттер мен мақсаттар тұр. Басымдықта — қаламыз және оның тұрғындары!