Алматы қаласы
№7 «Қалқаман» қалалық клиникалық ауруханасында қоғамдық мониторинг жүргізілді
2026 жылғы 11 қыркүйекте Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №3 комиссиясы №7 «Қалқаман» қалалық клиникалық ауруханасында энергия және сумен жабдықтаудың сенімділігі мәселелері бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында электрмен жабдықтаудың резервтік көздері, дизель-генератор қондырғылары, отын қоры, сондай-ақ ауызсу және өртке қарсы сумен жабдықтаудың резервтік мүмкіндіктері қаралды.
Мониторинг қорытындысы бойынша медициналық ұйымның тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар мәселе айқындалды.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі әлеуметтік маңызы бар нысандар мен қалалық инфрақұрылымға қоғамдық мониторинг жүргізуді жалғастыруда.