Шымкент қаласы

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, тиісті мемлекеттік мекемелердің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шілде 29, 2026 | Қаралымдар: 39

Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов ашып, жүргізді.

Күн тәртібіне сәйкес үш мәселе қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Талғат Құттыбайұлы Серманизов баяндама жасап, департаменттің атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Екінші мәселе бойынша Жер қатынастары басқармасының басшысы Азат Рахымбердіұлы Исламов басқарма тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Үшінші мәселе бойынша Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Әбутәліпұлы Кемелов цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыларға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көтерілген мәселелер бойынша пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті ұсынымдар беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.