Шымкент қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында «Адал азамат» қағидатын іске асыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің адамгершілік-эстетикалық тәрбиесін және қызметтік мәдениетін арттыру тақырыбында жиын өтті.
Жиын барысында қызметкерлердің қызметтік әдепті сақтауы, азаматтармен мәдениетті қарым-қатынас жасауы, адалдық пен жауапкершілікті басты ұстаным етуі туралы айтылды.
Кездесуде Қоғамдық кеңес мүшесі Тахирбек Нышанбаев баяндама жасап, «Адал азамат» қағидатының маңызына тоқталды. Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби мәдениетін арттыру, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту мәселелері қозғалды.
Жиын соңында осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.