Шымкент қаласы

Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесі мүшелерінен құралған жұмыс тобы Тұран ауданына қоғамдық бақылау жүргізді.

Там. 25, 2026 | Қаралымдар: 77

Бақылау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандыру және инфрақұрылым мәселелері, тұрғындар көтеріп отырған өзекті мәселелер және олардың шешілу барысы назарға алынды.

Қоғамдық бақылау қорытындысы бойынша анықталған мәселелер тиісті деңгейде қаралып, алдағы отырыста Тұран ауданының әкімі Б. Әзімбердиевтің есебі тыңдалатын болады.

Кездесуде ауданның қазіргі жағдайы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар бойынша жан-жақты талқылау жүргізіледі.