Шымкент қаласы

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Там. 27, 2026 | Қаралымдар: 44

Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиынды Қоғамдық кеңестің төрағасы Бұхарбай Парманов ашып, жүргізді.

Отырыс барысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

  • Тұран ауданы әкімінің есебі – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы;
  • Шымкент қаласындағы діни мәселелер жөніндегі ақпарат – діни ахуал және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар;
  • Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының атқарған жұмыстарының қорытындысы және жылыту маусымына дайындық барысы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныстар мен сауалдар қойылды.

Қоғамдық кеңестің басты мақсаты – қала тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеріп, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен тиімділігіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.