Ақмола облысы

2026 жылғы 11 қаңтарда жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Ахатович Бакқожаев, облыстық мәслихат депутаты Анар Сайлаубекқызы Аяпбергенова, сондай-ақ Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Айшуқ Еділ Жұмабекұлы Есіл ауданының әлеуметтік, мәдени және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысандарын аралады.

Қаң. 12, 2026 | Қаралымдар: 58

Сапар барысында нысандардың қазіргі жағдайын бағалауға, олардың тиімді пайдаланылуына және одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеуге баса назар аударылды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша іске асырылған жобалар аудан тұрғындарының әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейі мен өмір сүру жайлылығын айтарлықтай арттырғаны атап өтілді. Сонымен қатар нысандарды одан әрі дамыту өңірдің тұрақты дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ұсыныстарды жүйелі тәсіл, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және дәйекті түрде іске асыруды талап етеді.