Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстанның Халықтық дипломатия орталығы Астанада өткен «Цифрлық дипломатия дәуіріндегі ШЫҰ: жаһандық теңгерім үшін ғылыми бастамалар» атты халықаралық форумға қатысты.

Шілде 1, 2025 | Қаралымдар: 159

...

Қазақстанның Халықтық дипломатия орталығы Астанада өткен «Цифрлық дипломатия дәуіріндегі ШЫҰ: жаһандық теңгерім үшін ғылыми бастамалар» атты халықаралық форумға қатысты. Форумның мақсаты – Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) цифрлық трансформациясына Қазақстанның инновациялық ұсыныстарын енгізу және цифрлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне арналған мазмұнды сессиялар ұйымдастыру. Форум аясында екі негізгі сессия өтті. Бірінші сессия – «Киберқауіпсіздік, цифрлық егемендік және стратегиялық тұрақтылық» тақырыбында өтті. Онда ШЫҰ елдерінің цифрлық кеңістігін қорғау, трансшекаралық киберқауіптерге қарсы іс-қимыл тетіктері және цифрлық егемендіктің ұлттық тұрақтылықтағы рөлі талқыланды. Қатысушылар стратегиялық цифрлық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін ШЫҰ мемлекеттерінің үйлесімді саясаты қажет екенін атап өтті. Екінші сессия – «Цифрлық дипломатия, өңірлік интеграция және көпполярлы әлем: ШЫҰ-ның рөлі» тақырыбында өтті. Сарапшылар мемлекетаралық диалогтың виртуалды платформалары, гуманитарлық және білім беру салаларындағы цифрлық өзара іс-қимыл, сондай-ақ көпполярлы әлем жағдайындағы өңірлік интеграцияны нығайтудың цифрлық мүмкіндіктерін талқылады.