Ақмола облысы
Алдағы Жалпыұлттық референдум мен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру науқаны аясында Дамса және Бозайғыр ауылдық округтерінің жұртшылық өкілдерімен кездесу өтті.
Ақпараттық-түсіндіру шарасы барысында қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Әсіресе бір палаталы Парламент – Құрылтайға көшу, саяси партиялардың рөлін күшейту, өлім жазасына абсолютті тыйым салуды бекіту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін кеңейту, сондай-ақ өңірлер мен мәслихаттардың мәртебесін нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сот жүйесін реформалау, Конституциялық сот институтын күшейту, азаматтардың тұрғын үй құқықтарын қорғау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері де қаралды.