Ақмола облысы

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің Құқық кафедрасы жанындағы «Заң клиникасы» қызметі аясында Әділет департаментімен бірлесіп «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» азаматтарға тегін заң көмегін көрсету акциясы өткізілді.

Сәуір 3, 2026 | Қаралымдар: 32

Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталды.

Акцияға жеке сот орындаушылары, Әділет департаментінің мамандары, Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары мен нотариустары, кәсіби заңгерлер, «Заң клиникасының» белсенді студенттері, сондай-ақ Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Игорь Плюснин мен Бағдат Рахматуллина қатысты.

Іс-шара барысында азаматтарға құқықтық мәселелер бойынша кеңестер мен түсіндірмелер берілді.