Қазақстанның Азаматтық альянсы ҮЕҰ мен белсенді азаматтардың мүддесі үшін құрылған «Адал азамат – белсенді қоғам» орталығы аясында хабарлайды:

Қаз. 5, 2026 | Қаралымдар: 789

Өңірлерден жаңалықтар

Талдықорғанда Түркістанның рухани және мәдени орындарына экскурсия, су объектілерін қорғауға қоғамдық қатысу мәселелері бойынша дөңгелек үстел және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жүргізілді.

Шымкентте ҮЕҰ мен азаматтар үшін «Ашық есік күні», кездесулер және тегін заң көмегін көрсету бойынша консультациялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ақмола облысында экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру бойынша воркшоп өткізілді. Қостанайда киелі орындарға экологиялық саяхат ұйымдастырылса, Өскеменде сотталғандардың формалды және әкімшілік қадағалау шеңберіндегі құқықтары мен міндеттері талқыланды.

Көкшетауда ауылдық ҮЕҰ жобаларының таныстырылымы өтті, ал Түркістанда Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара өткізілді.

Заңнамалық бастамалар

Соңғы бірнеше айда Қазақстанның әлеуметтік заңнамасына елеулі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, жекелеген әлеуметтік осал топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау шығындарын өтеу, коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарды өтеу және экономикалық мобильділік сертификаттарына арналған бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастыруды реттейтін нормалардың енгізілетінін білу маңызды.

Сонымен қатар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік кодекс 24-1-баппен толықтырылып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен тәуекел тобындағы балаларға қолдау көрсетудің интеграцияланған модулін құру көзделеді. Отбасылармен, мүгедектігі бар балалармен және тәуекел тобындағы балалармен жұмыс істейтін ҮЕҰ үшін бұл мемлекеттік мекемелермен жүйелі өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік береді.

Талдау, статистика

«ҰСТАНЫМ» дискуссиялық клубы аясында «Халық Кеңесі: Қазақстанның жаңа саяси архитектурасындағы азаматтық қатысу форматы» тақырыбында отырыс өтті. Талқылауға 80-нен астам адам — ҮЕҰ өкілдері, барлық деңгейдегі Азаматтық альянстардың көшбасшылары, сарапшылар және жастар ұйымдары қатысты.

Талқылау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ үшін ұсынымдар әзірленді. Негізгі ұсыныстар қатарында Халық Кеңесінің азаматтық қоғам институттарымен жүйелі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық бастамаларды қараудың ашық тетіктерін, кері байланыстың цифрлық құралдарын дамыту және өңірлермен байланысты нығайту бар.

ҮЕҰ үшін проблемаларды белгілеуден кәсіби тұрғыдан негізделген бастамалар ұсынуға белсендірек көшу, қоғамдық көшбасшылардың құзыреттерін дамыту, Қоғамдық кеңестердің тәжірибесін пайдалану, сондай-ақ жастар мен өңірлік ұйымдардың қоғамдық шешімдерді әзірлеуге қатысуын кеңейту ұсынылды.