Ақмола облысы
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасында құқықтық мәдениетті нығайтуға, заңнама талаптарын сақтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға:
- Игорь Геннадьевич Плюснин — Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясының мүшесі;
- Александр Анатольевич Высоцкий — Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры;
- Рустем Муратович Қошмағанбетов — Ақмола облысының дін істері басқармасының «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ дінтанушысы қатысты.
Кездесу барысында заңдылықты сақтау, тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, сондай-ақ қоғамда жауапкершілік, құқықтық тәртіп және заң бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар есірткі мен экстремизмнің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелеріне назар аударылды.
Мұндай кездесулер қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқықтық санасын нығайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам институттарының және сарапшылар қауымдастығының өзара іс-қимылының маңызды бөлігі болып табылады.