Ақмола облысы
2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы» ММ-де 2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша отырыс өтті.
Жұмыс тобының құрамына Қоғамдық кеңес Президиумының мүшесі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс «ЖАҢАРУ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысындағы филиалының директоры Плюснин И.Г., сондай-ақ Аумақтық инспекция мен Көкшетау қалалық мемлекеттік ветеринариялық инспекциясының қызметкерлері кірді.
Ішкі талдау барысында Инспекция қызметкерлерінің штаттық саны 2026 жылғы 31 мамырдағы жағдай бойынша 108 адамды, нақты қызметкерлер саны 87 адамды құрайтыны анықталды.
2026 жылдың басынан маусым айына дейін ҚР АШМ ВБҚК Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының аумақтық бөлімшелері 5 387 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде 5 322 қызмет — «Экспорт кезінде тасымалданатын объектілерге ветеринариялық сертификат беру».
2026 жылы Ақмола облысы бойынша ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша 1 қолайсыз елді мекен тіркелді.
Ақмола облысында сібір жарасы бойынша стационарлық қолайсыз 221 пункт және сібір жарасының 250 ошағы бар. Оның ішінде 67 ошақ анықталған, 183 ошақ анықталмаған. Анықталған 66 ошақтың 58-індегі мал қорымдары заңдастырылып, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген. 8 жағдайда мал қорымы жоқ: олар жеке аулалардың аумағында орналасқан, аула қоршалған және жер учаскелері жеке тұлғаларға бекітілген.
Ішкі талдау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар берілді.