Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты өзара ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойды.

Маусым 26, 2025 | Қаралымдар: 175

...

Қазақстанның Азаматтық Альянсы және Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты өзара ынтымақтастық пен әрекеттестік туралы Меморандумға қол қойды. Бұл Меморандумның мақсаты – елдегі құқықтық сауаттылықты арттыру, заңнаманы ашық талқылау және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдар арасындағы серіктестікті дамыту. Кездесу қорытындысы бойынша алдағы кезеңге нақты жоспарлар құрылды. Атап айтқанда, азаматтық қоғам институттарының заң шығару процесіне тұрақты қатысу тетіктерін әзірлеу, құқықтық реформалардың ашықтығын қамтамасыз ету және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту қарастырылуда. Қазақстанның Азаматтық Альянсы бұл ынтымақтастық азаматтардың құқық шығармашылығы саласына белсенді араласуына, заң шығару процесінің ашықтығына және мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіреді.