Ақмола облысы
Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының қорытындысы: негізгі шешімдер және Қоғамдық кеңестің жұмысына арналған басым бағыттар
Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтіп, ол халық өкілдігі мен азаматтық қатысу институттарын дамытудағы маңызды кезең болды. Сессия жұмысына қоғам өкілдері, сарапшылар қауымдастығының мүшелері, мәслихаттар мен атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Сессия барысында қоғамдық бақылауды күшейту, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру және өңір тұрғындарының сұраныстарына жедел ден қою бойынша стратегиялық міндеттер айтылды.
Қоғамдық кеңестің рөлі:
Қоғамдық кеңес Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында әзірленген шешімдерді іске асыруға белсенді қатысады. Алдағы уақытта:
• тұрғындардан келіп түсетін өтініштерді жаңа басымдықтарды ескере отырып жүйелеу;
• нормативтік-құқықтық актілер мен әлеуметтік бағдарламаларға сараптамалық бағалауды күшейту;
• қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы азаматтарды тұрақты түрде хабардар ету жоспарлануда.
«Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы қоғамдық диалогты сапалы жаңартуға берік негіз қалады. Біздің ортақ міндетіміз — әрбір азаматтың дауысы естіліп, шешімдер қоғамның нақты қажеттіліктерін ескере отырып қабылдануын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Қоғамдық кеңес.
Қоғамдық кеңестің баспасөз қызметі