Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық альянсы «Адал азамат – белсенді қоғам» құрылған орталығы аясында ҮЕҰ мен белсенді азаматтарға арналған ақпаратты ұсынады:

Қаз. 12, 2026 | Қаралымдар: 1622

Өңірлер жаңалықтары

Қазақстан өңірлерінде ҮЕҰ-ны қолдау, азаматтық бастамаларды дамыту және қоғамдық диалогты нығайту жұмыстары жалғасуда. Шымкентте ҮЕҰ мен азаматтарға заңгерлік кеңестер беріліп, ҮЕҰ әлеуеті мен волонтерлікті дамыту бойынша шеберлік сабағы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдарды ұйымдастырушылық дамытуға арналған семинар өткізілді.

Түркістанда, Қарағанды облысында және Семейде «Адал азамат» және «Заң және тәртіп» қағидаттарын ілгерілету, этномедиацияны дамыту және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша кездесулер өтті.

Павлодарда Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған концерт және ядролық сынақтар құрбандарына арналған естелік стеланың ашылу рәсімі өтті. Талдықорғанда «Есірткісіз қоғам» марафоны ұйымдастырылды, ал Жетісу облысында экологиялық және мәдени іс-шаралар өткізілді. Астанада гематология және сүйек кемігін трансплантациялау мәселелеріне арналған IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Заңнамалық бастамалар

Қазақстанда әлеуметтік қызметтер көрсету және мүгедектігі бар адамдарды техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары жаңартылды. Өзгерістер құжаттарда қателер болған жағдайда өтініш беру рәсімін жеңілдетуді, жөргектер мен ортопедиялық аяқ киім берудің нормаларын нақтылауды, сондай-ақ «Е-Собес» жүйесі арқылы мүгедектер арбаларын рәсімдеу үдерісін автоматтандыруды көздейді.

Кемшіліктер анықталған жағдайда өтініш берушілерге оларды түзету үшін екі жұмыс күні беріледі. Қателер белгіленген мерзімде түзетілсе, өтініш қабылданған күн ретінде бастапқы өтініш берілген күн есептеледі.

Жаңа нормаларға сәйкес, жылына 1 460 дана жөргек беріледі, ал ортопедиялық аяқ киім маусымдық қажеттілікті ескере отырып, жылына бір жұп жазғы және бір жұп қысқы аяқ киім мөлшерінде ұсынылады. Шалғай ауылдардың тұрғындарына жөргектерді жыл сайын алу мүмкіндігі қарастырылған. Өзгерістер 18 қазанда күшіне енеді.

Талдау және статистика

2026 жылдан бастап Қазақстан Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асырудың 2026–2030 жылдарға арналған екінші кезеңіне өтті. Бұл кезеңде басымдық институттар мен тетіктерді құрудан олардың нақты тиімділігін арттыруға ауысуы тиіс.

Осыған байланысты қазіргі уақытта ҮЕҰ-ның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалау бойынша белсенді сараптамалық-талдамалық жұмыс жүргізілуде.

Бүгінде мынадай көрсеткіштерді бағалау әлдеқайда маңызды:

  • қанша ұйымның тұрақты қаржыландыру көздері бар;

  • қаншасы нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады;

  • қаншасы қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

  • қаншасының өз кіріс көздері бар;

  • олардың жұмысының әлеуметтік әсері қаншалықты өлшенеді.

Бұл ҮЕҰ дамуының «сандық моделінен» «сапалық моделіне» көшу дегенді білдіреді.

ҮЕҰ біртіндеп еріктілік бастамаларға негізделген ұйымдардан кәсіби ұйымдарға айналып келеді.

Олардан жобаларды басқару, қаржылық жоспарлау, заңгерлік құзыреттілік, деректермен жұмыс істеу, әлеуметтік нәтижелерді бағалау, коммуникация және PR, цифрлық дағдылар, фандрайзинг, мемлекеттік органдармен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау қабілеттері талап етіледі.

Қазіргі жағдайда ҮЕҰ-ның бәсекеге қабілеттілігі тек қоғамдық белсенділікпен ғана емес, нақты қоғамдық мәселелерді кәсіби тұрғыда шеше алу қабілетімен де айқындалады.