Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Қазақстанның Азаматтық альянсы жүзеге асырып жатқан «Қоғамдық кеңестердің әлеуетін арттыру» жобасы аясында Ақмола облысы Целиноград ауданы Рахымжан Қошқарбаев ауылы Қоғамдық кеңесінің бастамашыл тобы белсенді азаматтарды сити-менеджмент негіздеріне оқыту бастамасын іске асыруға кірісті. Аталған бастама шағын гранттар конкурсы аясында қолдау тапты.

Қаз. 10, 2026 | Қаралымдар: 1285

Бастаманың негізгі мақсаты — ауылдық елді мекендердегі өзекті мәселелерді анықтай алатын, қоғамдық мониторинг жүргізетін, сондай-ақ тұрғындардың қоғамдық кеңестермен және жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауына ықпал ететін белсенді азаматтарды даярлау.

Жоба аясында Целиноград ауданының бес ауылында сити-менеджерлер желісін қалыптастыру жоспарланып отыр. Оқытудан өткен белсенді азаматтар тұрғындардың өтініш-ұсыныстарын жинақтап, өзекті мәселелерді анықтап, тіркейді, олардың шешілу барысын қадағалайды және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешу жолдарын әзірлеуге ықпал етеді.

Бастаманы іске асыру тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысу белсенділігін арттыруға, азаматтар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің халық мүддесін білдіру және қорғау бағытындағы әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.