Астана қаласы

Қазақстанның Азаматтық Альянсы

Астанада Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру мәселелері талқыланды

Қаз. 13, 2026 | Қаралымдар: 1635

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың Қоғамдық кеңестері төрағаларымен, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына кіретін кеңес мүшелерімен кездесу өткізді.

Қатысушылар Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру, қоғамдық бақылаудың тиімділігін арттыру, кеңестердің ұсынымдарын ескеру және Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі ұсыныстарды талқылады.

Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылына, сондай-ақ жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыру кезінде өңірлердің қоғамдық сұраныстарын ескеруге ерекше назар аударылды.

Қатысушылардың ұсыныстары Қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобасын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.