Астана қаласы
Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен азаматтарға құқықтық және ұйымдастырушылық қолдау көрсететін «Адал Азамат – белсенді қоғам» консультациялық орталықтары жұмысын жалғастыруда.
Орталықтар желісіне республикалық жобалық кеңсе және еліміздің барлық өңірін қамтитын 20 өңірлік жобалық кеңсе кіреді. 2026 жылғы шілде–қыркүйек аралығында орталық мамандары 395 консультация өткізді. Оның 310-ы қала тұрғындарына, 85-і ауыл тұрғындарына көрсетілді.
Ең сұранысқа ие консультациялар гранттық қаржыландыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, ҮЕҰ-ны тіркеу және институционалдық дамыту мәселелеріне қатысты болды. Сонымен қатар өтініш берушілер есептілік, ҮЕҰ дерекқорын жүргізу, бухгалтерлік есеп, салық салу, жұмысқа орналасу және волонтерлік қызмет мәселелері бойынша түсіндірмелер алды.
Республикалық үйлестіру орталығының байланыс нөмірі («Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ): +7 775 828 98 20