Ақтөбе облысы

БІЛІМ – АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІККЕ НЕГІЗДЕЛУІ ТИІС

Қаң. 8, 2026 | Қаралымдар: 1284

2026 жылғы 6–7 қаңтар күндері Ақтөбе қаласында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі өтті.

Аталған зияткерлік дода Ақтөбе қаласындағы №56 жалпы білім беретін орта мектеп пен №51 гимназия базасында ұйымдастырылды.

Олимпиаданың ашықтығын, әділ өтуін және бағалаудың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде осы маңызды шараға тәуелсіз бақылаушы болып қатыстым.

Олимпиада тапсырмаларының көбейтілуі мен өткізілу барысы талапқа сай ұйымдастырылып, ешбір келеңсіз жағдайға жол берілмеді.

Білімді ұрпақ – ел болашағы.

Осындай әділ әрі ашық форматтағы олимпиадалар оқушылардың мүмкіндігін шынайы бағалауға жол ашады.

Барша қатысушыларға сәттілік, ал ұйымдастырушыларға жауапкершілік пен жүйелі жұмыс үшін алғыс білдіремін!