Ақтөбе облысы

ҚР Президенті Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қызметіне белсене атсалысып, реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

Қаң. 20, 2026 | Қаралымдар: 809

Ақтөбе облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Т.Ж. Талаева «Парасат» орденімен марапатталды!

Құрметті Тәттігүл Жақсыбайқызы!

Сізді Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Парасат» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл марапат – ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіздің, кәсіби біліктілігіңіз бен биік парасатыңыздың лайықты бағасы. Сіздің қажырлы қызметіңіз, ұстанған азаматтық ұстанымыңыз және өнегелі жолыңыз көпшілікке үлгі.

Сізге зор денсаулық, толағай табыс, шығармашылық шабыт пен ел игілігі жолындағы еңбегіңізге толассыз жетістіктер тілейміз! Мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын!