Қазақстанның Азаматтық Альянсы

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!

Шілде 16, 2025 | Қаралымдар: 175

...

«Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды! Байқаудың мақсаты – ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың қызметін қолдау. Бұл бастама ауылдық аумақтардың тұрақты дамуына, жергілікті мәселелерді шешуге ауыл тұрғындарының белсенді қатысуын арттыруға және азаматтық бастамаларды жергілікті деңгейде іске асыруға бағытталған.  Гранттар саны: 18  Әр гранттың сомасы: 1 000 000 теңге  Жобаны іске асыру аумағы: Жетісу, Қостанай, Павлодар, Алматы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары  Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 16 шілде – 4 тамыз аралығы Байқау шарттары мен жобаға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат сілтеме бойынша: https://drive.google.com/drive/folders/1x-c7vEJNKcpBa69h1T2wr59Rsv_1swYY?usp=sharing  Сұрақтар бойынша байланыс: +7 775 274 2269  Электрондық пошта: civilalliance20@gmail.com