Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамытуға бағытталған жобаларға арналған шағын гранттар байқауы

Шағын гранттар байқауы басталды! Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамытуға бағытталған жобаларға арналған шағын гранттар байқауына үкіметтік емес ұйымдарды, бастамашыл топтарды және жеке тұлғаларды қатысуға шақырамыз. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Бірыңғай грант операторының қолдауымен іске асырылуда.
Гранттар саны: 10
Әр гранттың сомасы: 1 000 000 теңге
Байқаудың мақсаты — қоғамдық маңызы бар жобаларды жүзеге асыру үшін шағын гранттар бөлу арқылы мәдени және тарихи мұраны сақтау, насихаттау және ілгерілетуге бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдау және дамыту. Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 16 шілде - 4 тамыз аралығы