Қазақстанның Азаматтық Альянсы
Волонтерлердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған онлайн-тренинг басталады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Бірыңғай грант операторының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында волонтерлердің практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған онлайн-тренинг басталады.
Бағдарламаның мақсаты – волонтерлік қызметті жүйелі әрі жауапкершілікпен атқаруға қажетті тұрақты құзыреттерді қалыптастыру. Қатысушылар волонтерліктің негіздерімен және этикалық қағидаларымен танысады. Бұл – әлеуметтік және мәдени салада жұмыс істеу үшін маңызды іргетас. Келесі модульдерде қатысушылар археологиялық қазба жұмыстарына көмек көрсету, тарихи-мәдени нысандарды қалпына келтіру негіздері, волонтер-гидтердің қызметі және тарихи-мәдени мұра нысандарын мониторингтеу әдістері бойынша нақты әрі қолданбалы тақырыптарды меңгереді.
Тренингке қазіргі уақытта волонтерлікпен айналысып жүрген азаматтар да, бұл салаға алғаш қадам басқысы келетіндер де, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны сақтауға мүдделі барлық азаматтар шақырылады.